"Казкоммерцбанк" АҚ Басқарма құрамындағы өзгерістер туралы хабарлады

23.05.16 16:45
/KASE, 23.05.16/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Казкоммерцбанк" АҚ (Алматы), Қазақстан қор биржасына (KASE), баспасөз-хабарламасын ұсынды: цитата басы "Казкоммерцбанк" АҚ (басқа жұмысқа ауысуына байланысты банк басқармасы құрамынан басқарушы директор Айгүл Джайлаубекованың шығуы туралы хабарлайды. Банктің корпоративті қоржынына, сондай-ақ банктің ірі корпоративті клиенттері, ұлттық компаниялар және холдингтермен қарым-қатынас жасау жұмыстарына жетекшілік еткен Джайлаубекова ханым өз жұмысын Қазақстанның банк секторында жалғастыруға ниетті. Банктің басқарма төрағасының міндетін атқарушы Абай Искандиров басқарма атынан Джайлаубекова ханымға Казкомда корпоративті бизнес саласында атқарған қызметіне алғыс білдіріп, жаңа кәсіби жетістіктерді тіледі. Бұдан кейін банктің корпоративті бизнестің дамуына басқарушы директор болып сайланған Ерұлан Құсаинов жетекшілік ететін болады. цитата соңы [2016-05-23]