"Қазақстан Даму Банкі" АҚ KZP02Y10E820 (KZ2C00003580, BRKZb3) облигациялары KASE листинг процедурасынан "мемлекеттік сыңайлы сектор субъектілерінің борыштық бағалы қағаздар" санаты бойынша өтті

23.05.16 17:39
/KASE, 23.05.16/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингілік комиссиясының 2016 жылдың 23 мамырындағы шешімімен KASE ресми тізімінің "өзге де бағалы қағаздар" санаты бойынша "Қазақстан Даму Банкі" АҚ (Астана) КZP02Y10E820 (KZ2C00003580; 1 000 теңге, 65,0 млрд теңге; 10 жыл; облигацияларды орналастыру бойынша бірінші аукционның қорытындысы бойынша анықталған жарты жылдық купон, 30/360) облигациялары енгізілді. Листингілік комиссиясының аталмыш шешімі күшіне енгені туралы эмитент "Листингілік ережелер" атты KASE ішкі құжатының 18 бабы 1 тармағы 2) тармақшасында анықталған шарттарды орындағаннан кейін қосымша жарияланады. Сондай-ақ, аталмыш облигациялардың биржадағы сауда-саттығы ашылғаны туралы қосымша хабарланады. Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің қаржы нарығы және қаржы ұйымдарын бақылау және қадағалау комитетінің 2015 жылдың 27 қарашасында тіркелген "Қазақстан Даму Банкі" АҚ облигацияларының желтоқсанында шығарылымы KASE листинг процедурасынан өткен, жалпы сомасы 100.0 млрд теңгеге аталмыш эмитенттің бірінші облигациялық бағдарламасы аясында ішкі облигацияларының үшінші шығарылымы болып табылады. Аталмыш облигациялардың ұстаушы өкілдері "Қазақстан Халық Банкі АҚ еншілес ұйымы "Halyk Finance" АҚ (Алматы) болып табылады. "KEGOC" АҚ қаржылық кеңесшісі және андеррайтері "Казкоммерц Секьюритиз" АҚ ("Казкоммерцбанк" АҚ Еншілес ұйымы) (Алматы) болып табылады. Аталмыш облигацияларға тиісінше BRKZb3 қысқартылған белгілері (сауда- саттық кодтары) берілді. Осы облигациялардың шығарылымдары туралы толығырақ ақпарат, Листингілік комиссиясының шешімі өз күшіне енгеннен кейін, KASE интернет- сайтында жарияланады. [2016-05-23]