"АСЫЛ-ИНВЕСТ" АҚ өзінің KZ1C54500018 (KZ1C00001106, ASYL) жай акциялары бойынша 2016 жылдың 01 қаңтарынан 31 наурызына дейінгі кезеңге дивиденд төлеуді көздегені туралы хабарлады

31.05.16 10:32
/KASE,31.05.16/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "АСЫЛ-ИНВЕСТ" АҚ (Алматы), биржаға жолдаған ресми хатында KZ1C54500018 (KZ1C00001106, екінші санат, ASYL) жай акциялары бойынша 2016 жылдың 01 қаңтарынан 31 наурызына дейінгі кезеңге бір акцияға 45,00 теңгеден дивиденд төлеуді көздеп отырғаны туралы хабарлады. "АСЫЛ-ИНВЕСТ" АҚ хабарламасына сәйкес акцяларды төлеу 2016 жылдың 27 мамырындағы жағдай бойынша тіркеледі. Дивиденд төлеу 2016 жылдың 10 маусымынан 30 маусымына дейін жүзеге асырылады. [2016-05-31]