"Magnum Cash&Carry" ЖШС KZP01Y10F225 (KZ2P00003536, MAGNb1) облигациялары KASE листинг процедурасынан "өзге де бағалы қағаздар" санатына 31 мамырдан бастап енгізілді

31.05.16 11:54
/KASE, 31.05.16/ – Бұрын хабарлағандай, бүгін Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингілік комиссиясының 2016 жылдың 27 мамырындағы шешімімен KASE ресми тізімінің "өзге де бағалы қағаздар" санаты бойынша "ForteBank" АҚ (Алматы) KZP01Y10F225 (KZ2P00003536, 1 000 теңге, 33,0 млрд теңге; 31.05.16 – 31.05.26; жылдық купон, жылдық 4,00%, 30/360) облигациялары енгізілді. Листингілік комиссиясының аталмыш шешімі 2016 жылдың 31 мамырынан бастап, эмитенттің "Листингілік ережелер" атты KASE ішкі құжатының 18 бабы 1 тармағында анықталған шарттарды орындағаннан кейін күшіне енді. Сондай-ақ, аталмыш облигациялардың биржадағы сауда-саттығы ашылғаны туралы қосымша хабарланады. "Magnum Cash&Carry" ЖШС облигацияларды ұстаушы өкілдері "Сентрас Секьюритиз" АҚ (Алматы) болып табылады. Аталмыш облигацияларға тиісінше MAGNb1 қысқартылған белгілері (сауда- саттық кодтары) берілді. Аталмыш облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпаратпен KASE интернет-сайтында http://www.kase.kz/ru/emitters/show/magn мекен- жайында танысуға болады. [2016-05-31]