31 мамыр күні KazPrime индикаторының мәні өзгерген жоқ, жылдық 16,00 % құрады

31.05.16 11:56
/KASE, 31.05.16/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) фиксинг нәтижесі бойынша 2016 жылдың 31 мамырында KazPrime индикаторының мәні алдыңғы сауда-саттық күнімен салыстырғанда өзгерген жоқ, жылдық 16,00% құрады деп хабарлайды. KazPrime индикаторы қазақстандық нарықта банкаралық депозиттерді actual/360 есептік базасымен 3 ай мерзіміне ақшаларды орналастыру мөлшерлемесінің орташа мәнін көрсетеді. Индикатордың актуалды мәнімен және мұрағаттық мәліметтермен KASE интернет-сайтында http://www.kase.kz/kz/kazprime мекен-жайы бойынша танысуға болады. [2016-05-31]