KASE үлестік және борыштық бағалы қағаздарын күн сайын нарықтық бағалаудың нәтижелерін үнемі жариялай бастады

16.06.16 11:53
/KASE, 16.06.16/ – Қазақстан қор биржасы (KASE или Биржа) нарыққа қатысушылардың өтініші бойынша 2016 жылдың 15 маусымынан бастап, өзінің интернет-сайтында күнделікті нарықтық бағалау нәтижелерін күнделікті жариялауды бастады: - клирингтік қызметін жүзеге асырушы KASE бағалы қағаздары бойынша мәмілелер бойынша (ондай бағалы қағаздарға есептесуі Т+2 сызбасы бойынша жүргізілетін акциялар жатады); - Қазақстан Республикасының дисконттық мемлекеттік бағалы қағаздары. Бағалау нәтижелері Microsoft Excel файл форматтарында күн сайын алматы уақытымен (ALT) сағат 11:30 - ға дейін жүргізіледі. Файлдар KASE интернет- сайтында "Сауда-саттық" – "нарықтық бағалау" бөлімінде http://www.kase.kz/ru/marketvaluation мекен-жайында жарияланған. Аталмыш файлдарда көрсетілген бағалы қағаздарды бағалау есептесуі Т+2 сызбасы бойынша (http://www.kase.kz/news/show/1290054) акцияларды бағалауға қатысты KASE Индекс және бағалау комитетінің 2016 жылдың 16 наурызындағы шешімімен, Бағалы қағаздарды бағалау әдістемесіне сәйкес, әр жұмыс күні сағат 09:00 ALT орындалады. Нарықтық бағасын бағалау нәтижесінде анықталған баға келесі жұмыс күніне дейін қолданыста болып саналады. Барлық сұрақтар бойынша және/немесе қосымша ақпарат алу үшін KASE ақпарат және статистика Департаментіне (727) 237 53 18 телефонына және e-mail: info@kase.kz хабарласуға болады. Қаржы құралдарымен мәмілелер бойынша клирингтік қызметті жүзеге асыру Ережесінің мәтіні http://www.kase.kz/files/normative_base/clearing_rules.pdf мекен-жайында жарияланған. Әдістеме мәтіні http://www.kase.kz/files/normative_base/met_ocen_zb.pdf мекен-жайында жарияланған. [2016-06-16]