"КазТрансОйл" АҚ 2015 жылға KZ1C29950017 (KZ1C00000744, KZTO) жай акциялары бойынша дивиденд төлегені туралы хабарлады

29.06.16 12:08
/KASE, 29.06.16/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "КазТрансОйл" АҚ (Алматы), Қазақстан қор биржасына (KASE) 2015 жылға 2016 жылдың 27 маусымында KZ1C29950017 (KZ1C00000744, KASE ресми тізімі, бірінші санат, KZTO) өзінің жай акциялары бойынша дивиденд төлегені туралы хабарлады. Аталмыш хабарламаға сәйкес төлем сомасы 51 156 534 667,00 теңгені құрады. Дивиденд алуға құқылы акционерлердің тізімі 2016 жылдың 11 маусымындағы жағдайы бойынша жасалған. [2016-06-29]