/ҚАЙТАЛАУ/ 2016 ЖЫЛДЫҢ 01 ШІЛДЕСІНЕН БАСТАП KASE АВТОМАТТЫ РЕПО ОПЕРАЦИЯСЫН ҚОЛДАНУ ҮШІН ИНДЕКСТЕЛМЕГЕН МБҚ ДИСКОНТТАУДЫҢ ЖАҢА ЖҮЙЕСІНЕ КӨШЕДІ

01.07.16 11:03
/KASE, 01.07.16, 30.06.16 жаңалығын қайталау/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2016 жылдың 01 шілдесінен бастап Қазақстан Республикасының индекстелмеген мемлекеттік бағалы қағаздардың (МБҚ) құнын автоматты репо операциялары заты ретінде анықтау мақсатында дисконттаудың жаңа жүйесіне көшеді. Осы мақсатта "Автоматты репо нарығы маманданымы" (Маманданым) және "Бағалы қағаздарды бағалау әдістемесі" (Әдістеме) атты KASE ішкі құжаттарына тиісті өзгертулер енгізілді. Маманданымға және Әдістемеге енгізілген Түзетулер 2016 жылдың 01 шілдесінен бастап қолданысқа енгізіледі. Маманданымға түзетулерде репо заты ретінде қолданылған, Қазақстан Республикасының МБҚ индекстелмеген нарықтық бағасы ретінде жинақталған, бірақ бағалау күні купондық сыйақысы төленбеген МБҚ мәліметтерінің номиналдық құны қарастырылады. Маманданыммен Қазақстан Республикасының индестелмеген, теңге түріндегі МБҚ нарықтық бағасын дисконттаудың жаңа тәртібі қарастырылған. Олардың бағалары келесідей дисконтталады: егер облигацияның өтелуіне ең көбі 180 күн қалса, 5 %-ға; өтеуге дейін мерзім 181-ден 360 күнге дейін болса, 7 %-ға; өтеуге дейін мерзім 361-ден үш жылға дейін болса, 10 %-ға; үш жылдан бес жылға дейінгі мерзімде, 15 %-ға; бес жылдан он жылға дейін мерзімде, 20 %-ға; өтеуге дейін ең көбі 10 жыл қалғанда, 25 %-ға. Бұдан бұрын өтеуге дейін мерзімі 360 күнге дейін осы МБҚ бағалары 5 %-ға, ал 360 күннен астамы – 10 %-ға дисконтталатын. KASE интернет-сайтында осы кезде қол жетімді: - 2016 жылдың 01 шілдесіне дейін қолданыстағы Маманданымның мәтіні http://www.kase.kz/files/normative_base/sp_repo.pdf - 2016 жылдың 01 шілдесінен кейін қолданыста болатын Маманданымның мәтіні http://www.kase.kz/files/normative_base/sp_repo_new.pdf [2016-06-30]