KASE таңертеңгілік сессиясы: USDKZT_TOD = 338,03 (-0,63), CNYKZT_TOD – 50,7400/50,7700

01.07.16 11:20
/KASE, 01.07.2016/ – Қазақстан қор биржасында (KASE) есептесуі Т+0 теңгемен (USDKZT_TOD) АҚШ доллары бойынша, есептесуі T+0 теңгемен (EURKZT_TOD) еуро бойынша және есептесуі T+0 АҚШ долларымен (EURUSD_TOD) еуро бойынша, есептесуі Т+0 теңгемен (CNYKZT_TOD) қытай юані бойынша таңғы сауда-саттық сессиясы аяқталды. Бүгін қазақстан қор биржасында USDKZT_TOM сауда-саттық құралдарымен АҚШ- та 04 шілде мереке күні болғандықтан (Тәуелсіздік күні) сауда-саттық жүргізілген жоқ. Аталған қаржы құралдары үшін осы сессия негізгі болып табылады. Сауда-саттыққа KASE валюта нарығының 22 мүшесі қатысты. Есептесуі T+0 теңгемен АҚШ долларының орташа сараланған бағамы бір долларға 338,03 (-0,63 теңге) теңгені, ал сауда-саттық көлемі – 45 900 мың (+16 950 мың USD) АҚШ долларын құрады. Есептесуі Т+0 теңгемен және АҚШ долларымен еуро бойынша мәмілелер жасалған жоқ. Сессия жабылар сәтте баға белгілеулер тіркелген жоқ. Есептесуі T+0 теңгемен қытай юані бойынша орташа сараланған бағамы бір юаньға 50,7400 теңгені, ұсыным – бір юаньға 50, 7700 теңгені құрады. Осы хабарламада аталмыш трендтердің барлығы алдыңғы таңертеңгілік сессиямен салыстырмалы түрде берілген. Егер алдыңғы таңертеңгілік сессияда тиісті қаржы құралы бойынша мәмілелер жасалмаса немесе олардың сауда-саттығы өткізілмесе, тренд көрсетілмейді. [2016-07-01]