"Цесна Капитал" АҚ "Қазақстан инжиниринг" Ұлттық компаниясы" (Kazakhstan Engineering) акционерлік қоғамының XS0997708051 (KZENe1) халықаралық облигациялары бойынша Қазақстан қор биржасындағы маркет-мейкері мәртебесінен бас тартты

19.07.16 16:42
/KASE, 19.07.16/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) Басқармасының шешімімен 2016 жылдың 22 шілдесінен бастап "Цесна Капитал" АҚ (Астана) "Қазақстан инжиниринг" Ұлттық компаниясы" АҚ (Kazakhstan Engineering) XS0997708051 (KASE ресми тізімі, "мемлекеттік сыңайлы сектор субъектілерінің борыштық бағалы қағаздары" санаты, KZENe1) халықаралық облигациялары бойынша биржадағы маркет-мейкері міндеттерін орындаудан босатылды. Бұл шешім "Маркет-мейкерле туралы Қағида" атты KASE ішкі құжатының 4 бабына сәйкес маркет-мейкердің өтініші негізінде қабылданды. [2016-07-19]