/ҚАЙТАЛАУ/ 01 тамыз күні Қазақстан қор биржасында "Қазақстан Даму Банкі" АҚ KZP02Y10F264 (KZ2C00003648, BRKZb5) облигацияларын орналастыру бойынша арнайы мамандандырылған сауда-саттық өткізіледі

20.07.16 10:10
/KASE, 20.07.16, 14.07.16 жаңалығын қайталау/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2016 жылдың 01 тамызында KASE сауда-саттық жүйесінде "Қазақстан Даму Банкі" АҚ (Астана) KZP02Y10F264 (KZ2C00003648; KASE ресми тізімі, "мемлекет сыңайлы сектор субъектілерінің борыштық бағалы қағаздары" санаты; BRKZb5; 1 000 теңге, 17,5 млрд тенге; 10 лет; 30/360) облигацияларын орналастыру бойынша сауда-саттық өткізілетіні туралы хабарлайды. ------------------------------------------------------------------- Бағалы қағаздар тұрпаты: купондық облигациялар Ұлттық сәйкестендіру нөмірі: KZP02Y10F264 ISIN KZ2C00003648 Номиналдық құны, теңге: 1 000,00 Шығарылым көлемі, млн теңге: 17 500,00 Айналыста болудың алғашқы күні: алғашқы аукционды өткізу күні Айналыста болудың соңғы күні: алғашқы аукционды өткізу қорытындысы бойынша анықталады Өтеудің басталу күні алғашқы аукционды өткізу қорытындысы бойынша анықталады Айналыста болу мерзімі: 10 жыл (3 600 күн) Купон мөлшерлемесі алғашқы аукционды өткізу қорытындысы бойынша анықталады Купонды төлеу мерзімділігі: жылына 2 рет Купонды төлеу күні: алғашқы аукционды өткізу қорытындысы бойынша анықталады Уақыттық базасы: Q_Gov_ST1 ------------------------------------------------------------------- Өтінімде баға ретінде, облигацияның номиналды номиналды құнынан пайызбен көрсетілген, үтірден кейінгі төртінші таңбаға дейінгі дәлдікпен көрсетілген, купон мөлшерлемесі көрсетілуі тиіс. Дәл осы көрсеткіш сауда- саттық заты болып табылады. Өтінімдегі қаржы құралдарының саны ретінде облигациялардың саны данамен белгіленуі тиіс. Қаржы құралының саны өтінмде лот көлеміне тең немесе соған еселі болуы тиіс. Есептесулер "Орталық бағалы қағаздар депозитарийі" АҚ ережелер жиынтығына сәйкес жүзеге асырылады. Бағалы қағаздардың сатып алушысы сатып алынған бағалы қағаздарға төленетін ақшаның кестеде көрсетілген төлеу уақытқа "Орталық бағалы қағаздар депозитарийі" АҚ корреспонденттік шотында бар болуын қамтамасыз етуі тиіс. Сауда-саттыққа қатысуға тек KASE қор нарығының мүшелері өтінімдер бере алады. Өзге инвесторлар осы заңды тұлғалар арқылы өтінім бере алады. Басқа инвесторлар осы заңды тұлғалар арқылы өтінімдер бере алады. KASE қор нарығы мүшелерінің толық тізімі http://www.kase.kz/kz/membership мекен-жайы бойынша жарияланған. [2016-07-20]