"Қазақстанның Дамсу Банкі" АҚ KZP03Y15E827 (KZ2C00003713, BRKZb6) облигациялары Қазақстан қор биржасында "мемлекеттік сыңайлы сектор субъектілерінің борыштық бағалы қағаздары" санаты бойынша листингтен өтті

21.07.16 15:58
/KASE, 21.07.16/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингілік комиссиясының 2016 жылдың 20 шілдесіндегі шешімімен "Қазақстанның Дамсу Банкі" АҚ (Астана) KZP03Y15E827 (KZ2C00003713; 1 000 теңге, 15,0 млрд теңге; 15 жыл; облигацияларды орналастыру бойынша бірінші аукционның қорытындысы бойынша анықталатын, жарты жылдық купон; 30/360) облигациялары "мемлекеттік сыңайлы сектор субъектілерінің борыштық бағалы қағаздары" санаты бойынша KASE ресми тізіміне енгізілді. Листингілік комиссияның жоғарыда аталмыш шешімінің өз күшіне ену датасы туралы, аталмыш эмитентт "Листингілік ережелер" атты KASE ішкі құжатының 18 бабының 1тармағының 2) тармақшасының шарттарын орындағаннан кейін қосымша жарияланады. Сондай-ақ, аталмыш облигациялардың биржадағы сауда-саттығының ашылуы туралы қосымша хабарланады. Аталмыш облигациялардың шығарылымы, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкімен 2014 жылдың 15 желтоқсанында жалпы сомасы 100,0 млрд теңгеге тіркелген, "Қазақстанның Даму Банкі" АҚ бірінші облигациялық бағдарламасы шегіндегі үшіншісі болып табылып, биржада листинг процедурасынан өткен осы эмитенттің "ішкі облигацияларының" алтыншы шығарылымы болып табылады. Аталмыш облигацияларды ұстаушылардың өкілі " Қазақстан Халық Банкінің еншілес ұйымы "Halyk Finance" АҚ (Алматы) болып табылады. "Қазақстанның Даму Банкі" АҚ қаржылық кеңесшісі және андеррайтері "Казкоммерц Секьюритиз" АҚ ("Казкоммерцбанк" АҚ еншілес ұйымы) (Алматы) болып табылады. Осы облигацияларға BRKZb6 қысқартылған белгісі (сауда-саттық коды) берілді. Аталмыш облигациялар туралы толығырақ ақпарат, Листингілік комиссияның аталмыш шешімі өз күшіне енгеннен кейін, KASE интернет-сайтында жарияланады. [2016-07-21]