Ұлттық Банк Банк ЦентрКредит АҚ акцияларының 2015 жылдың 16 желтоқсанынан бастап 2016 жылдың 15 маусымына дейінгі кезеңде орналастырылмағаны туралы есебін назарына алды

28.07.16 16:18
/KASE, 28.07.16/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, Банк ЦентрКредит АҚ (Алматы, бұдан әрі – банк) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (Ұлттық Банк) 2016 жылдың 12 шілдесіндегі хатының көшірмесін биржаға ұсынды, аталмыш хатқа сәйкес: - Ұлттық Банк компания акцияларының 2015 жылдың 16 желтоқсанынан бастап 2016 жылдың 15 маусымына дейінгі кезеңде орналастырылмағаны туралы есебін назарына алды; - 2016 жылдың 15 маусымындағы жағдай бойынша компанияның 98 293 945 жай акциясы орналастырылмаған. [2016-07-28]