Ұлттық Банк "SAT & Company" АҚ акцияларының 2016 жылдың 05 ақпанынан бастап 04 тамызына дейінгі кезеңде орналастырылмағаны туралы есебін назарына алды

23.08.16 17:46
/KASE, 23.08.16/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "SAT & Company" АҚ (Алматы) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі (Ұлттық Банк) 2016 жылдың 17 тамызындағы хатының көшірмесін биржаға ұсынды, аталмыш хатқа сәйкес: - Ұлттық Банк компания акцияларының 2016 жылдың 05 ақпанынан бастап 04 тамызына дейінгі кезеңде орналастырылмағаны туралы есебін назарына алды; - 2016 жылдың 04 тамызындағы жағдай бойынша компанияның 1 753 226 046 жай және 357 350 129 артықшылықты акциясы орналастырылмаған. [2016-08-23]