KASE Директорлар кеңесі Сараптама комитетінің құрамын бекітті

16.09.16 15:23
/KASE, 16.09.2016/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) 2016 жылдың 15 қыркүйегіндегі шешімімен Сараптама комитетінің төмендегі құрамын бекітті (Комитет мүшелері Сараптама комитеті туралы қағидада қарастырылған жүйе бойынша ұсынылған): - Е.А.Никифорова – Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бағалы қағаздар нарығы субъектілеріне қадағалау жасау департаменті директорының орынбасары; - А.Н.Әбдікәрімов, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бағалы қағаздар нарығы Департаментінің бағалы қағаздар нарығын дамыту басқармасы бастығының орынбасары; - И.М. Сәбитов, KASE Басқармасы төрағасының орынбасары (ол болмаған жағдайда - KASE Басқармасының өзге мүшелері KASE Басқармасы мүшелерінің бекітілген өзара алмастыру тәртібіне сәйкес); - Е.И.Сәлімов, "Қазақстан Халық жинақ банкі" АҚ Басқарма төрағасының орынбасары, KASE тәуелсіз директоры (Сарапатама Комитетінің төрағасы); - А.Ш.Бабаев, "Казкоммерцбанк" АҚ Басқарма мүшесі – басқарушы директоры, "Казкоммерц Секьюритиз" АҚ Директорлар кеңесінің Төрағасы, KASE тәуелсіз директоры (Комитет төрағасы болмаған немесе мүдделер шиеленісі туындаған жағдайда алмастыруға құқығы бар тұлға); - З.М.Абитаева, KASE Қадағалау бөлімінің бастығы (ол болмаған жағдайда – KASE Қадағалау бөлімінің міндетін атқарушы KASE өзге қызметкері); - А.В.Карягин, "Астана-Инвест" Инвестициялық Үйі" АҚ Басқарма Төрағасы. KASE Директорлар кеңесінің аталмыш шешімімен KASE Директорлар кеңесінің атынан Сараптама комитетінің мүшелерін олар болмаған жағдай да немесе шиеленіс туындаған жағдайда алмастыруға құқылы тұлғалар Е.С. Әбдіразақов, А.М. Жолдасбеков, В.А.Қышпанақов, М.Ж.Ташметов сайланды. Сараптама Комитеті туралы қағида KASE интернет-сайтында http://www.kase.kz/files/normative_base/expert_com.pdf мекен-жайында жарияланған. [2016-09-16]