2016 жылдың 20 қазанында "ҚазТрансОйл" АҚ акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысы болып өтеді

16.09.16 17:25
/KASE, 16.09.16/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "ҚазТрансОйл" АҚ (Астана, бұдан әрі – компания) 2016 жылдың 20 қазанында компания акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысы, келесідей күн тәртібінде, болып өтетіні туралы биржаға хабарлады: 1) компанияның Директорлар кеңесінің сандық құрамын анықтау және оның мүшесін сайлау туралы; 2) компанияның Директорлар кеңесінің мүшесін акционер өкілі ретінде анықтау туралы. Аталмыш жиналыс: Астана қаласы, "Есіл" ауданы, Қабанбай батыр көшесі, 19 , Б блогы, 3-ші қабат, мәжіліс-залы. Аталмыш жиналысқа қатысушыларды тіркеу сағат 10:00-ден 13:00-ге дейін жүргізіледі. Аталмыш жиналысқа қатысуышылардың тізімі 2016 жылдың 01 қазанындағы жағдай бойынша жасалады. Кворум болмаған жағдайда акционерлердің қайталама жиналысы 2016 жылдың 21 қазанында жоғарыда аталған мекен-жайда өтеді. Акционерлер аталмыш жиналыстың күн тәртібіндегі мәселелер материалдарымен 2016 жылдың 07 қазанынан бастап жұмыс күндері сағат 10:00-ден 17:00-ге дейін: Астана қаласы, "Есіл" ауданы, Қабанбай батыр көшесі, 19 , Е блогы, 0512-ші кабинет, Б Блогы, 101 кабинетінде, сондай-ақ компанияның корпоративтік интернет-сайтында www.kaztransoil.kz танысуға болады. Нақты ақпаратпен KASE интернет-сайтында http://www.kase.kz/files/emitters/KZTO/kzto_info_201016.pdf мекен-жайында танысуға болады. [2016-09-16]