"Атамекен-Агро" АҚ өзінің KZ1P57070115 (KZ1P00000038, KATRp) артықшылықты акциялары бойынша 2015 жылға дивиденд төлеуді көздегені туралы хабарлады

29.09.16 11:15
/KASE, 29.09.16/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "Атамекен-Агро" АҚ (Көкшетау, одан әрі цитатада - Қоғам), биржаға жолдаған ресми хатында 2015 жылға KATRp (ҰСН KZ1P57070115) артықшылықты акциялары бойынша 72 422 850 теңге көлемінде дивиденд төлеуді көздеп отырғаны туралы хабарлады. Бір акцияға кепілді дивиденд көлемі 50 теңгені құрайды. Қоғамның жарғысына сәйкес, артықшылықты акцияларды ұстаушылар, акционерлердің тізбесін тіркеу күні 2016 жылдың 28 қыркүйегі. [2016-09-29]