/ТҮЗЕТІЛДІ/ "Ақтөбе мұнайөңдеу" ЖШС өзінің KZP01Y03F063 (KZ2P00003395, AKNPb1) облигацияялары бойынша екінші купонын төлегені туралы хабарлады

29.09.16 15:40
/KASE, 29.09.16, эмитенттің купондық сыйақысын төлемегені туралы қате берілген ақпаратына байланысты қайта таратылды/ – "Ақтөбе мұнайөңдеу" ЖШС (Ақтөбе) Қазақстан қор биржасына (KASE) 2016 жылдың 18 тамызында KZP01Y03F063 (KZ2P00003395, KASE ресми тізімі, "өзге борыштық бағалы қағаздар" санаты, AKNPb1) өзінің облигациялары бойынша екінші купондық сыйақысын өтегені туралы хабарлады. Аталмыш хабарламаға сәйкес сыйақы 178 400,00 теңге көлемінде төленді. [2016-09-29]