"Иртыш-Полиметалл" АҚ KZ1C60280019 (KZ1C00001304, IRPM) жай акциялары KASE ресми тізімінің екінші санатына енгізілді

29.09.16 16:37
/KASE, 29.09.16/ – Бұрын хабарлағандай, бүгін Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингілік комиссиясының 2016 жылдың 29 қыркүйегіндегі шешімімен KASE ресми тізімінің екінші санаты бойынша "Иртыш- Полиметалл" АҚ (Алматы) KZ1C60280019 (ISIN – KZ1C00001304) жай акциялары енгізілді. Листингілік комиссиясының аталмыш шешімі 2016 жылдың 29 қыркүйегінен бастап, эмитенттің "Листингілік ережелер" атты KASE ішкі құжатының 18 бабы 1 тармағында анықталған шарттарды орындағаннан кейін күшіне енді. Сондай-ақ, аталмыш облигациялардың биржадағы сауда-саттығы ашылғаны туралы қосымша хабарланады. Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің бағалы қағаздарды 2016 жылдың 19 шілдесінде мемлекеттік тіркеу туралы куәлігіне сәйкес, "Иртыш- Полиметалл" АҚ жарияланған жай акцияларының саны 1 000 000 жай акцияға бөлінген, оған KZ1C60280019 ұлттық сәйкестендіру номері берілген. Шығарылым эмиссиялық бағалы қағаздардың мемлекеттік тізбесіне A6028 номерімен енгізілген. Аталмыш облигацияларға тиісінше IRPM қысқартылған белгілері (сауда- саттық кодтары) берілді. "Иртыш-Полиметалл" АҚ қаржылық кеңесшісі "Фридом Финанс" АҚ (Алматы) болып табылады. "Иртыш-Полиметалл" АҚ негізгі қызметі алтын-мыс рудаларын барлау, өңдеу және өндіру болып табылады. [2016-09-29]