/ҚАЙТАЛАУ/ 2016 жылдың 01 қазанынан бастап Мүшелік жарналар мен биржалық алымдар туралы қағидаға енгізілген толықтырулар күшіне енгізіледі

30.09.16 14:50
/KASE, 30.09.2016, 06.09.16 жаңалығын қайталау/ – Қазақстан қор биржасының (KASE немесе Биржа) Директорлар кеңесінің 2016 жылдың 31 тамызындағы шешімімен "Мүшелік жарналар мен биржалық алымдар туралы қағида" атты KASE ішкі құжатына енгізілген өзгертулер мен толықтырулар бекітілді, бұл түзетулер 2016 жылдың 01 қазанынан бастап қолданысқа енгізіледі. Аталмыш толықтырулармен маркет-мейкерлер үшін бағалы қағаздар мен жедел келісім-шарттардың мәліметтерін аталмыш бағалы қағаздар мен операциялар бойынша жедел келісім-шарттар бойынша комиссиялық алымдардың жеңілдетілген мөлшерлемесін қолдану шарты мен тәртібіне қатысты маркет-мейкерлердің қызметін реттеуші KASE ішкі құжаттарын KASE Басқармасы бекітетіні анықталды. Қағиданың жаңартылған мәтіні KASE интернет-сайтында http://www.kase.kz/files/normative_base/tariff_new.pdf мекен-жайында жарияланған. [2016-09-30]