/ҚАЙТАЛАУ/ 01 қазаннан бастап жаңа редакциядағы Сараптау комитеті туралы Қағида күшіне енеді

30.09.16 14:57
/KASE, 30.09.16, 26.09.16 жаңалығын қайталау/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) 2016 жылдың 22 қыркүйегіндегі шешімімен KASE ішкі құжаты "Сараптау комитеті туралы Қағида" (Қағида) жаңа редакцияда 2016 жылдың 01 қазанынан бастап күшіне енеді. Жаңа редакциядағы қағида бағалы қағаздардың ұйымдастырылған және ұйымдастырылмаған нарығында жасалған бағалы қағаздармен және өзге де қаржы құралдарымен, сондай-ақ қор биржасының сараптау комитетінің, сонымен қатар, 2016 жылдың 28 қаңтарындағы Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі басқармасының №13 қаулысымен бекітілген, сандық құрамының жұмысын қалыптастыру, басқару мақсатында жасалған мәмілелерді тану Ережелеріне сәйкес келтіру мақсатында әзірленген жаңа редакциядағы Қағидасы 2016 жылдың 01 қазанынан бастап күшіне енеді. Сонымен қатар, Қағиданың жаға редакциясына процедуралық анықтаулар мен редакциялық түзетулер енгізілген. 2016 жылдың 01 қазанынан бастап қолданыстағы Қағиданың күші жойылған деп танылады. Жаңа редакциядағы қағида KASE интернет-сайтында таяу уақытта жарияланады. [2016-09-30]