"Kaspi Bank" АҚ XS0986204609 (CSBNe2) халықаралық облигшацияларын жартылай жойғаны туралы хабарлады

30.09.16 15:17
/KASE, 30.09.16/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Kaspi Bank" АҚ (Алматы, одан әрі цитатада – Банк), Қазақстан қор биржасына (KASE), "Банктің көлемі 14 040 000 АҚШ долларын құрайтын, бұрынғы сатып алынған халықаралық облигацияларын (ISIN XS0986204609) жою туралы хабарлады. Банктің өтеуі 2016 жылдың 27 қазанындағы халықаралық облигацияларының қалған көлемі – 128 910 000 АҚШ доллары". [2016-09-30]