/KASE, 30.09.16/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми
тізімінде тұрған, "Phystech II" АҚ (Ақтау, бұдан әрі – компания)
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (Ұлттық Банк) 2016 жылдың
22 қыркүйегіндегі хатының көшірмесін биржаға ұсынды, аталмыш хатқа
сәйкес:
- Ұлттық Банк компания акцияларының 2015 жылдың 14 тамызынан
бастап 2016 жылдың 14 ақпанына дейінгі кезеңде
орналастырылмағаны туралы есебін назарына алды;
- 2016 жылдың 15 ақпанындағы жағдай бойынша компанияның
18 400 900 жай акциясы орналастырылмаған, оның жарғылық
капиталы 99 100 000,00 теңгені құрады.
Есеп KASE интернет-сайтында
http://www.kase.kz/files/emitters/PHYS/phys_razm_220916.pdf
мекен-жайында жарияланған.
[2016-0-30]