АНОНС: 2016 ЖЫЛДЫҢ 04 ҚАЗАНЫНДА ҚАЗАҚСТАН ҚОР БИРЖАСЫНДА "ЭМИТЕНТ КҮНІ" ІС-ШАРАСЫ АЯСЫНДА "KEGOC" АҚ БАСШЫЛЫҒЫМЕН КЕЗДЕСУ ӨТЕДІ

30.09.16 17:56
/KASE, 30.09.16/ – Қазақстан қор биржасы (Биржа немесе KASE) 2016 жылдың 04 қазанында Қазақстан қор биржасында "Эмитент күні" іс- шарасы аясында "KEGOC" АҚ (Астана) инвесторлардың мүддесін ұсынатын, бағалы қағаздардың кәсіби қатысушыларымен кездесу өтеді. Іс-шара барысында 2016 жылдың бірінші жартыжылдығына "KEGOC" АҚ операциялық және қаржы қызметінің нәтижелерін талқылау жоспарланып отыр. Кездесудің басталу уақыты – алматы уақытымен сағат 10:30, өтетін орны: Алматы қ, Байзақов көшесі, 280, "Almaty Towers" КСК ғимараты, 8-ші қабат, KASE мәжіліс залы. Осы іс-шараға қатысу үшін Биржа мүшелері 2016 жылдың 03 қазанына дейін customers@kase.kz электрондық мекен-жайына қатысушы туралы мәліметті жіберуі тиіс (аты, жөні, тегі, лауазымы, электрондық пошта мекен-жайы). "KEGOC" АҚ акционерлері сұрақтарын өздерінің брокерлері арқылы қоюға болады. Осындай іс-шараны өткізудегі мақсат – Биржада сауда-саттыққа түсетін бағалы қағаздарға инвесторлардың қызығушылығын туғызу болып табылады. [2016-09-30]