"ҚазМұнайГаз" Барлау Өндіру" АҚ Директорлар кеңесі 2016 жылға капиталдық салым жоспарына түзетулерді бекітті

21.10.16 16:17
/KASE, 21.10.16/ – Акциялры Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "ҚазМұнайГаз" Барлау Өндіру" АҚ (Астана), Қазақстан қор биржасына (KASE), төмендегі баспасөз-хабарламасын ұсынды: цитата басы "ҚазМұнайГаз" Барлау Өндіру" ("ҚМГ БӨ", "Компания") Директорлар кеңесінің кезекті отырысын өткізді. Отырыс барысында Директорлар кеңесі 2016 жылға арналған күрделі салымдар жоспарына түзетулерді бекітті. Осылайша, күрделі салымдар 2016 жылы 103 млрд. теңге мөлшерінде (286 млн. АҚШ доллары[1]) болады деп жоспарлануда, бұл бұдан бұрын жарияланған болжамнан 14,7 млрд. теңгеге немесе 17%-ға жоғары. Инвестицияның ұлғайтылуы 2017 жылы және одан кейінгі жылдарда Компанияның өндіруін ұлғайтуды қамтамасыз ететін, "Өзенмұнайгаз" АҚ-да (ӨМГ) 66 қосымша ұңғыманың бұрғылануы есебінен жоспарлануда. Бұрғылауға қосымша шығыстар олардың экономикалық мақсаттылығын бағалаудан соң мақұлданды. Сәйкесінше, 2016 жылы ӨМГ және "Ембімұнайгаз" АҚ-да бұрғылауға жоспарланған ұңғымалардың жалпы саны 249 ұңғыманы құрайды. *Соммалар оқырмандарға қолайлы болуы үшін АҚШ долларына ауыстырылды, бюджеттік бағам бойынша 360 тенге/АҚШ доллары). цитата соңы [2016-10-21]