"Казкоммерцбанк" АҚ жаңарған QAZKOM брендін ұсынды

21.10.16 16:34
/KASE, 21.10.2016/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Казкоммерцбанк" АҚ (Алматы), Қазақстан қор биржасына (KASE), төмендегі баспасөз-хабарламасын ұсынды: цитата басы Қазкоммерцбанк бүгін өзінің 25 жылдық күнінде қалың жұртшылыққа QAZKOM жаңартылған жеке сауда белгісін ұсынды. Аталған бренд «Парасатты ұлт - Умная нация» ел бойынша кең таралған шытырман жарнамалық кампаниямен басталған болатын. Сондай-ақ бүгін қаржы институты халыққа жаңа үлгідегі банк бөлімшесін ұсынды. Бұл бөлімше болашақта QAZKOM атауымен клиенттерге сапалы және қарапайым қызмет көрсетудің үлгісі болады деп жоспарлануда. цитата соңы Баспасөз-хабарламасының толық нұсқасымен KASE интернет-сайтында – http://www.kase.kz/files/emitters/KKGB/kkgb_reliz_211016_1.pdf мекен- жайында танысуға болады. [2016-10-21]