АНОНС: ҚАЗАҚСТАН ҚОР БИРЖАСЫ 2016 ЖЫЛДЫҢ 01 ҚАЗАНЫНАН 30 ЖЕЛТОҚСАНЫНА ДЕЙІН БАҚ ӨКІЛДЕРІ АРАСЫНДА ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҚОР НАРЫҒЫ ЖӘНЕ ОТАНДЫҚ КОМПАНИЯЛАР ҮШІН ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР" БАЙҚАУЫН ӨТКІЗЕДІ

21.10.16 17:07
/KASE, 21.10.16, 28.09.16 жаңалығын қайталау/ –"Қазақстан қор биржасы" АҚ (бұдан әрі – Биржа немесе KASE) 2016 жылдың 01 қазанынан бастап 30 желтоқсанына дейін бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің арасында "Қазақстанның қор нарығы және отандық компаниялар үшін жаңа мүмкіндіктер" байқауы өткізілетіні туралы хабарлайды. Байқау қазақтстандық тілшілер мен БАҚ қор нарығы жарияланымдардың саны мен сапасын көтеру арқылы қор нарығы туралы жан-жақты баяндау және тұрғындардың қаржылық сауаттылығын көтеру мақсатында өткізіледі. Байқауды негізгі мақсаттары: 1)тұрғындардың инвестициялық сауаттылығын және қор нарығы туралы мағлұматтарын арттыру; 2)Қазақстанның қор нарығы тақырыбына сапалы жарияланымдардың санын ұлғайту; 3)қаржылық білім беру сұрақтарын тілшілермен талдау деңгейін арттыруға және, осы тақырыпты тұрақты негізде білікті баяндайтын, тілшілер пулын қалыптастыруға себептесу; 4)бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің тұрғындардың инвестициялық сауаттылық деңгейін арттыру үдерісіне қосқан үлесін мойындау; 5)отандық компаниялардың Қазақстанның қор нарығының мүмкіндіктері туралы инвесторларды ақпараттандыру. Байқауға қазақстандық бұқаралық ақпарат құралдарындағы тақырыптық жарияланымдардың авторлары қатыса алады. Ұсынылға жұмыстарды Байқау комиссиясы мынадай номинациялар бойынша бағалайды: 1)"Үздік телесюжет немесе үздік телебағдарлама"; 2)"Басылымдық бұқаралық ақпарат құралдарындағы үздік мақала"; 3)"Интернет-ресурстардағы үздік материал". Байқауға қатысу үшін өтінім және байқау жұмысын: 050000, Алматы қ., Байзаков көш., 280, "Almaty Towers" КФК, солтүстік мұнара, Маркетинг және PR бөлімі және/немесе электрондық түрде: pr@kase.kz электрондық мекен- жайға "БАҚ Байқауы" белгісімен жолдау керек. Жұмыстарға қойылатын талаптар және байқаудың шарттары туралы толық ақпарат http://www.kase.kz/ru/rules_other/konkurs_SMI.pdf интернет-сайтында орналастырылған. Байқа