"Сбербанк России" Еншілес Банкі АҚ "Бизнестің жол картасы – 2020" мемлекеттік бағдарламасына қатысушы банктер арасында алдыңғы қатарда екендігі туралы хабарлады

24.10.16 10:10
/KASE, 24.10.16/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Сбербанк России" Еншілес Банкі АҚ (Алматы), Қазақстан қор биржасына (KASE), төмендегі баспасөз-хабарламасын ұсынды: цитата басы "Сбербанк" АҚ ЕБ "Бизнестің жол картасы – 2020" бизнесті дамыту және қолдау көрсету бағдарламасы аясында берген "Даму" РКДҚ субсидия және кепілдік көлемі бойынша қазақстандық компаниялар арасында бірінші орынға ие болды. Бағдарламаны орындау мерзімінде Сбербанк субсидиялық мөлшерлеме бойынша кәсіпкерлерге 1,1 мың жобаны іске асыру үшін жалпы сомасы 329 миллиард теңге бөлді. Сонымен қатар, қарызды кепілдендіру бойынша 7,7 миллиард теңгеге 563 келісім-шарт жасалды. цитата соңы Баспасөз-хабарламасының толық нұсқасымен KASE интернет-сайтында – http://www.kase.kz/files/emitters/SBER/sber_reliz_211016.pdf мекен-жайында танысуға болады. [2016-10-24]