"Казкоммерцбанк" АҚ Астана қаласында клиенттерге жаңа форматта қызмет көрсететін QAZKOM екінші бөлімшесін ашқаны туралы хабарлады

27.10.16 12:24
/KASE, 27.10.16/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "Казкоммерцбанк" АҚ (Алматы) биржаға ұсынған баспасөз мәлімдемесінде төмендегі туралы хабарлады: цитата басы Бүгін QAZKOM Астана қаласында заңды тұлғалардың №15/31 жаңа қызмет көрсету орталығын ашты. Ол клиенттерге қызмет көрсететін банктің екінші кеңсесі болып отыр. Осындай QAZKOM бөлімшесі алғаш рет Алматы қаласында 21 қазанда ашылған. Онда Банк өзінің брендін жаңартқаны туралы ресми түрде хабарлаған болатын. цитата соңы баспасөз-хабарламасының толық нұсқасымен KASE интернет-сайтында – http://www.kase.kz/files/emitters/KKGB/kkgb_reliz_261016_1.pdf мекен- жайында танысуға болады. [2016-10-27]