АНОНС: ҚАЗАҚСТАН ҚОР БИРЖАСЫ 2016 ЖЫЛДЫҢ 01 ҚАРАШАСЫНАН 15 ЖЕЛТОҚСАНЫНА ДЕЙІН ЖЕКЕ ИНВЕСТОРЛАР АРАСЫНДА АКЦИЯЛАР НАРЫҒЫНЫҢ БАЙҚАУЫН ӨТКІЗЕДІ

29.11.16 16:14
/KASE, 29.11.16, 10.10.16 жаңалығын қайталау/ – "Қазақстан қор биржасы" АҚ (Биржа немесе KASE) 2016 жылдың 01 қарашасынан бастап 15 желтоқсанына дейін жеке инвесторлар арасында "Қазақстандағы биржалық сауда-саттықты әйгілі етуге бағытталған байқауы өткізілетіні туралы хабарлайды. Байқауға KASE қор нарығы мүшелерінің клиенттері болып табылатын жеке тұлғалар (брокерлер) қатыса алады. Тіркеу тәртібі: 1. Брокерге өтінім беру (форма бойынша). 2. Брокер клиенттердің тізімін қалыптастырады және оны Биржаға customers@kase.kz жібереді. 3. Биржадан өтінімде көрсетілген электрондық мекен-жай бойынша тіркеу туралы растау алу. Байқауға қатысудың міндетті шарты – 2016 жылдың 10 қазанынан бастап 10 желтоқсанына дейін. Байқауға қатысушылардың шартына сәйкес өту кезеңінде KASE Индексінің өкілеттік тізіміне енгізілген, акциялармен нақты сауда-саттыққа қатысады. Байқау өту кезінде қатысушылар көрсетілген акцияларды сатып алу және/немесе сатуға мәміле жасауды талап етеді. Байқауға қатысушы бір брокердің клиенті бола алады. Байқаудың жеңімпазы болып акциялармен мәміле жасау кезінде максималды табыс тапқан үш қатысушы танылады. Жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен марапатталады. Бақау туралы нақты ақпаратпен http://www.kase.kz/ru/events мекен-жайында танысуға болады. KASE интернет-сайтында: - жеке инвесторлар арасында байқау өткізу ережесінің мәтіні – http://www.kase.kz/files/mix/pravila_konkurs.pdf - KASE мүшелерінің толық тізімі – http://www.kase.kz/ru/membership - Сауда-саттық регламенті және растау жүйесінің жұмысы – http://www.kase.kz/files/normative_base/reglament_trade.pdf мекен- жайында танысуға болады. [2016-11-29]