"Казкоммерцбанк" АҚ өзінің XS0276707923, US48666FAF71 (KKGBe15) халықаралық облигацияларын толық және уақтылы өтегені туралы хабарлады

29.11.16 17:58
/KASE, 29.11.16/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "Казкоммерцбанк" АҚ (Алматы) биржаға төмендегі баспасөз мәлімдемесін ұсынды: цитата басы "Казкоммерцбанк" АҚ (одан әрі - "Банк") 2006 жылдың қараша айында шығарылған қамтамасыз етілмеген еурооблигациялардың өтеуі туралы хабарлады, алғашқы орналастыру сомасы 500 миллион АҚШ доллары. "Банк уақтылы қызмет көрсету және өз міндеттемелерін өтеу бойынша өз тарихын жалғастыруда. Облигациялар бойынша қаражат банктің жеке өтімділігі есебінен, қосымша қор тартусыз төленді", – деп атап өтті Басқарманың бірінші орынбасары Абай Искандиров. цитата соңы [2016-11-29]