09 желтоқсан күні Қазақстан қор биржасында "Исткомтранс" АҚ KZ2P0M06F433 (KZ2P00003858, ECTRb1) облигацияларын орналастыру бойынша арнайы мамандандырылған сауда-саттық өткізіледі

30.11.16 09:52
/KASE, 30.11.16/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2016 жылдың 09 желтоқсанында KASE сауда-саттық жүйесінде "Исткомтранс" АҚ (Алматы) KZ2P0M06F433 (KZ2P00003858, KASE ресми тізімі, "Коммерциялық облигациялар" санаты, ECTRb1; 1 000 теңге, 1,2 млрд теңге; 6 ай, тиянақталған жарты жылдық купон; жылдық 14,00 %, 30/360) облигацияларын орналастыру бойынша төменде берілген шарттармен арнайы мамандандырылған сауда-саттық өткізілетіні туралы хабарлайды. ------------------------------------------------------------------------ Бағалы қағаздар тұрпаты: купондық облигациялар Ұлттық сәйкестендіру нөмірі: KZ2P0M06F433 ISIN KZ2P00003858 KASE сауда-саттық коды ECTRb1 Номиналдық құны, теңге: 1 000,00 Шығарылым көлемі, млн теңге: – тіркелген: 1 200,0 – орналастырылған: – Айналыста болудың алғашқы күні: алғашқы аукционды өткізу күні Айналыста болудың соңғы күні: алғашқы аукционды өткізу қорытындысы бойынша анықталады Өтеудің басталу күні алғашқы аукционды өткізу қорытындысы бойынша анықталады Айналыста болу мерзімі: 6 ай (180 күн) Купон мөлшерлемесі жылдық 14,00 % Купонды төлеу мерзімділігі: жылына 1 рет Уақыттық базасы: 30 / 360 --------------------------------------------- -------------------------- Сауда-саттық күні: 09.12.16 Өтеуге дейінгі мерзім: 6 ай (180 күн) Номиналы бойынша жарияланған көлемі, 1 200,0 млн.теңге: Лот көлемі 60 000 Сауда-саттық заты: "таза емес" бағасы Сатуға өтінім түрлері: шектелімді Нарықтық өтінімдерді қанағаттандыру дәрежесі, % Өтінім беру тәсілі: жабық Өтінімдерді қабылдау уақыты: 11:30–12:30 Өтінімдерді растау уақыты: 11:30–13:00 Кесім уақыты: 14:30 Төлеу күні мен уақыты: 09.12.16 14:30 (Т+0) дейін Өтінімдерді кесімдеу тәсілі: бағасы кесімді бағаға тең немесе одан төмен өтінімдер кесімделеді Сауда-саттық өткізудің бастамашысы: "Казкоммерц Секьюритиз" АҚ ("Казкоммерцбанк" АҚ еншілес ұйымы) Сауда-саттық жүйесінің секторы: Debts_List_ST1 Сауда-саттық жүйесінің тобы: Com_bonds_ST1 ------------------------------------------------------------------------ Өтінімде баға ретінде, бағалы қағаздың номиналды құнынан пайызбен көрсетілген, үтірден кейінгі төртінші таңбаға дейін дәлдікпен облигацияның "таза" бағасы көрсетілуі тиіс. Өтінімдегі қаржы құралдарының саны ретінде облигациялардың саны данамен белгіленуі тиіс. Өтінімнің көлемі ретінде өтінімде көрсетілген облигациялардың саны мен бір облигацияның "таза емес" бағасына көбейтіндісі (сыйақысын қосқандағы) теңгемен көрсетілуі тиіс. Мәміленің көлемі, http://www.kase.kz/files/normative_base/bond_yield_kaz.pdf мекен-жайы бойынша жарияланған, облигациялар кірістілігін және облигациялармен жасалатын мәмілелер сомасын есептеу әдістемесінің 3 тарауының 14 бабына сәйкес есептеледі. Есептесулер "Орталық бағалы қағаздар депозитарийі" АҚ ережелер жиынтығына сәйкес жүзеге асырылады. Бағалы қағаздардың сатып алушысы сатып алынған бағалы қағаздарға төленетін ақшаның кестеде көрсетілген төлеу уақытқа "Орталық бағалы қағаздар депозитарийі" АҚ корреспонденттік шотында бар болуын қамтамасыз етуі тиіс. Сауда-саттыққа қатысуға тек KASE қор нарығының мүшелері өтінімдер бере алады. Өзге инвесторлар осы заңды тұлғалар арқылы өтінім бере алады. Басқа инвесторлар осы заңды тұлғалар арқылы өтінімдер бере алады. KASE қор нарығы мүшелерінің толық тізімі http://www.kase.kz/kz/membership мекен-жайы бойынша жарияланған. Аталмыш облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат аңдатпасымен http://www.kase.kz/ru/bonds/show/ECTRb1 мекен-жайында жарияланған. [2016-11-30