"КазАгро" Ұлттық басқарушы холдингі" АҚ KZP03Y15E819 (KZ2C00003812, KZAGb4) және KZP04Y10E818 (KZ2C00003820, KZAGb5) облигациялары 02 желтоқсаннан бастап KASE ресми тізіміне "мемлекеттік сыңайлы субъектілердің борыштық бағалы қағаздары" санаты бойынша енгізілді

02.12.16 17:01
/KASE, 18.11.16/ – Бұрын хабарланғандай, Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингілік комиссиясының 2016 жылдың 09 қарашасындағы шешімімен "КазАгро" Ұлттық басқарушы холдингі" АҚ (Астана) облигациялары KASE ресми тізіміне"мемлекеттік сыңайлы субъектілердің борыштық бағалы қағаздары" санаты бойынша енгізілді. - KZP03Y15E819 (KZ2C00003812; 1 000 теңге, 37,1 млрд теңге; 15 жыл, жылдық 15,30 % жарты жылдық купон; 15,00 %, 30/360); - KZP04Y10E818 (KZ2C00003820; 1 000 теңге, 32,9 млрд теңге; 10 жыл, жарты жылдық купон; 14,00 % жылдық, 30/360). Листингілік комиссиясының осы шешімі аталмыш эмитент "Листингілік ережелер" атты KASE ішкі құжатының 18 бабыны, 1 тармағының 2) тармақшасының талаптарын орындағаннан кейін 2016 жылдың 02 желтоқсанынан бастап өз күшіне енді. Аталмыш облигациялардың биржадағы сауда-саттығының ашылуы қосымша жарияланады. Аталмыш облигацияларды ұстаушылардың өкілі Цесна Капитал" АҚ (Астана) болып табылады. "ҚазАгро" Ұлттық басқарушы холдингі" АҚ қаржылық кеңесшісі және андеррайтері "Казкоммерц Секьюритиз" АҚ ("Казкоммерцбанк" АҚ еншілес ұйымы) (Алматы) болып табылады. Осы облигацияларға KZAGb4 және KZAGb5 қысқартылған белгісі (сауда- саттық коды) берілді. Аталмыш облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат KASE интернет-сайтында жуырдағы уақытта http://www.kase.kz/ru/emitters/show/kafi мекен-жайында жарияланады. [2016-12-02]