"Modern Nomads Entertainment" АҚ KZ1C59920013 (KZ1C00001130, MODN) облигациялары эмитенттің бастамасымен 2016 жылдың 10 қарашасынан бастап KASE ресми тізімінен шығарылды

09.12.16 17:22
/KASE, 09.12.16/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингілік комиссиясының шешімімен 2016 жылдың 12 желтоқсанынан бастап "Modern Nomads Entertainment" АҚ (Алматы, әрі қарай – компания) KZ1C59920013 (KZ1C00001130, KASE ресми тізімі, екінші санат, MODN)) эмитенттің бастамасымен KASE ресми тізімінен шығарылды. 2016 жылдың 02 желтоқсанындағы KASE тұжырымдамасында компанияның мынадай құжаттары алынғаны туралы атап кетті: - 2016 жылдың 02 желтоқсанындағы аталмыш облигациялардың ерікті делистингі туралы өтініші; - Компанияның қатысушыларының аталмыш облигациялардың ерікті делистингі туралы 2016 жылдың 24 қарашасындағы жалпы жиналысының хаттамасының көшірмесі; - 2016 жылдың 21 қазанындағы жағдай бойынша жарияланған бағалы қағаздарды есепке алу үшін оның жеке шотында саны 33 000 000 дана барлық аталмыш облигациялар бар Компанияның бағалы қағаздарды ұстаушыларының тізбесінің көшірмесі. Жоғарыда айтылғанның негізінде және "Листингілік ережелер" атты KASE ішкі құжатының 19 бабының 1) тармағының 1) тармақшасына сәйкес облигациялар делистингіленді. Аталмыш облигациялар KASE ресми тізіміне 2016 жылдың 21 қыркүйегінен бастап екінші санаты бойынша енгізілді. Олардың сауда-саттығы 2016 жылдың 15 желтоқсанынан бастап ашылды. [2016-12-09]