"Казкоммерцбанк" АҚ, акцияларының он және одан аса пайызын банк иемденген, ұйымдардың тізімі өзгергені туралы хабарлады

10.01.17 11:41
/KASE, 10.01.2017/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "Казкоммерцбанк" АҚ (Алматы, бұдан әрі – Банк), биржаға жолдаған ресми хабарламасында "акцияларының (үлестерінің, пайларының) 10% және одан аса пайызын Банк иемденген, ұйымдардың тізімі, Банк "QPAYMENTS" АҚ акцияларының 100% алуына байланысты, өзгерді" деп мәлімдеді. [2017-01-10]