KASE 20167 жылдың 16 қаңтарынан бастап "Қазақстан Ипотекалық Компаниясы" Ипотекалық ұйымы" АҚ KZPC4Y10B547 (KZ2C00001071, KZIKb16) облигацияларын, айналыста болу мерзімі аяқталуына байланысты, KASE_B* сериясы индекстерінің өкілетті тізімінен алып тастады

16.01.17 14:15
/KASE, 16.01.17/ – "Қазақстан қор биржасы" АҚ (KASE) 2017 жылдың 16 қаңтарынан бастап "Қазақстан Ипотекалық Компаниясы" Ипотекалық ұйымы" АҚ (Алматы) KZPC4Y10B547 (KZ2C00001071, "мемлекеттік сыңайлы сектор субъектілерінің борыштық бағалы қағаздар" санаты KZIKb16; 1 теңге, 5,0 млрд теңге; 15.01.07 – 15.01.17; жылдық 7,50 % жарты жылдық купон 30/360) облигацияларын, айналыста болу мерзімі аяқталуына байланысты, KASE_B* индекстерінің өкілетті тізімінен алып тастады. 2017 жылдың 16 қаңтарынан бастап KASE_BC, KASE_BP индексін есептегенде KASE 1,0007610 тең түзету коэффициенті (К) қолданылады. 2017 жылдың 16 қаңтарынан бастап KASE_B* индексінің өкілеттік тізімі 37 атау облигациядан тұрады. KASE_BY – корпоративтік облигациялардың кірістілік индексі. KASE_BC – корпоративтік облигациялардың бағалары бойынша (жинақталған, бірақ төленбеген) сыйақысын есепке алмай ("таза" бағасы бойынша) есептелетін бағалар индексі. KASE_BP – корпоративтік облигациялардың бағалары бойынша барлық тиесілі сыйақысын, соның ішінде төленбегенін, есепке алып есептелетін бағалар индексі. KASE аталмыш индекстердің барлығын күніне бір рет, корпоративтік облигациялардың сауда-саттық нәтижелері бойынша есептейді. Индекстерді есептеу әдістемесі "Қор нарығының индикаторларын есептеу әдістемесі" атты KASE ішкі құжатымен реттеледі, осы құжатпен KASE интернет-сайтында http://www.kase.kz/files/normative_base/indicators_met.pdf мекен-жайы бойынша танысуға болады. [2017-01-16]