Ұлттық Банк "Маңғыстау электр желілерін бөлу компаниясы" АҚ KZP06Y10B660 (KZ2C00002020, MREKb7) облигацияларын 2016 жылдың 18 мамырынан 17 қарашасына дейінгі кезеңде орналастыру нәтижелері туралы есебін бекітті

18.01.17 16:24
/KASE, 18.01.17/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Маңғыстау электр желілерін бөлу компаниясы" АҚ (Ақтау) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (Ұлттық банк) KZP06Y10B660 (KZ2C00002020, KASE ресми тізімі, "мемлекеттік сыңайлы сектор субъектілерінің борыштық бағалы қағаздар" санаты, MREKb7) "Маңғыстау электр желілерін бөлу компаниясы" АҚ облигацияларды 2016 жылдың 18 мамырынан 17 қарашасына дейінгі кезеңде орналастыру нәтижелері туралы есебін бекіту туралы 2016 жылдың 28 желтоқсанындағы ескерту хатының көшірмесін биржаға ұсынды. Ұсынған хатқа сәйкес: есептік кезеңде аталмыш облигацияларды орналастыру жүзеге асырылған жоқ. 2016 жылдың 18 қарашасындағы жағдай бойынша осы облигациялардың 20 000 000 орналастырылмаған. аталмыш хатпен және есеппен KASE интернет-сайтында – http://www.kase.kz/files/emitters/MREK/mrek_razmb7_281216.pdf мекен- жайында танысуға болады. [2017-01-18]