"Алатау Жарық Компаниясы" АҚ өз акционерлерінің тізілімі жүйесінің 2017 жылдың 01 қаңтарындағы жағдай бойынша үзінді көшірмесін Қазақстан қор биржасына ұсынды

19.01.17 10:11
/KASE, 19.01.17/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "Алатау Жарық Компаниясы" АҚ (Алматы, бұдан әрі – компания) биржаға өзінің акцияларын ұстаушылардың тізілімі жүйесінің 2017 жылдың 01 қаңтарындағы жағдай бойынша үзінді көшірмесін ұсынды. Үзінді көшірмеге сәйкес: - компанияның жарияланған KZ1C05340019 жай акцияларының жалпы саны 147 364 847 дана, KZ1P05340115 артықшылықты акциялар саны – 1 250 дана; - компанияның 142 315 508 жай акциялары және барлық артықшылық акциялары орналастырылған; - компания өзінің 26 216 480 акциялары кері сатып алды; - компанияның орналастырылған акцияларының бес және одан аса пайызы көлеміндегі санына иеленген жалғыз тұлға "Самұрық-Энерго" АҚ болып табылады, оның меншігінде 116 100 278 (компанияның орналастырылған акцияларының жалпы санынан 81,58%) соның ішінде компанияның 116 099 028 жай акциясы (компанияның орналастырылған жай акцияларының жалпы санынан 100,00%) және 1 250 артықшылықты акциясы (компанияның орналастырылған артықшылықты акцияларының жалпы санынан 100,00%) бар. [2017-01-19]