"Интергаз Орталық Азия" АҚ өз акционерлерінің тізілімі жүйесінің 2017 жылдың 01 қаңтарындағы жағдай бойынша үзінді көшірмесін Қазақстан қор биржасына ұсынды
19.01.17 11:16
/KASE, 19.01.17/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми
тізімінде тұрған, "Интергаз Орталық Азия" АҚ (Астана, бұдан әрі – компания)
биржаға өзінің акцияларын ұстаушылардың тізілімі жүйесінің 2017 жылдың 01
қаңтарындағы жағдай бойынша үзінді көшірмесін ұсынды.
Үзінді көшірмеге сәйкес:
- компанияның жарияланған жай акцияларының жалпы саны 30 360 362 дана,
артықшылықты акциялар саны – 41 250 дана;
- компанияның 28 374 602 жай акциялары және барлық артықшылық акциялары
орналастырылған;
- компанияның жалғыз акционері және, тиісінше, компанияның орналастырылған
акцияларының жалпы санынан бес және одан аса пайызы көлеміндегі акциялар
санына иеленген жалғыз тұлға "КАЗТРАНСГАЗ" АҚ болып табылады.
[2017-01-19]