2017 жылдың 22 ақпанынан 24 ақпанына дейінгі кезеңде Қазақстан қор биржасындағы шетел валюталары сауда-саттығының регламенті

20.02.17 11:54
/KASE, 20.02.17/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) хабарлайды: 23 және 24 ақпанда Ресей Федерациясында мерекелік күн (Отан қорғаушылар күні) болуына байланысты "Сауда-саттық және Растау жүйесінің жұмыс регламенті" атты KASE ішкі құжатына сәйкес 2017 жылдың 22 ақпанынан 24 ақпанына дейінгі кезеңде KASE шетел валюталары сауда-саттығының кестесінде келесідей өзгерістер болады: - 22 ақпанда RUBKZT_TOM қаржы құралдарының сауда-саттықтары өткізілмейді; - 23 ақпанда RUBKZT_TOD және RUBKZT_TOM қаржы құралдарының сауда-саттықтары өткізілмейді; - 24 ақпанда RUBKZT_TOD қаржы құралдарының сауда-саттықтары өткізілмейді. Сауда-саттық және Растау жүйесінің жұмыс регламенті http://www.kase.kz/files/normative_base/reglament_trade.pdf мекен-жайында жарияланған. [2017-02-20]