"Қазақстан темiр жолы" Ұлттық компаниясы" АҚ "Қорғас- Шығыс қақпасы" ЕЭА жобаларын жүзеге асыру үшін қытай компанияларын тарту туралы хабарлады

20.02.17 15:21
/KASE, 20.02.17/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Қазақстан темiр жолы" Ұлттық компаниясы" АҚ Қазақстан қор биржасына (KASE), баспасөз-хабарламасын ұсынды, онда ағымдағы жылдың 17 ақпанында "Қазақстан темiр жолы" ҰК Шанхайда делегация "Қорғас- Шығыс қақпасы" ЕЭА жобаларын жүзеге асыру үшін "China Cosco Shipping" және "ГК Порт Ляньюньган" ААҚ-мен келіссөздер жүргізді". Баспасөз хабарламасның толық нұсқасымен – http://www.kase.kz/files/emitters/TMJL/tmjl_reliz_200217.pdf мекен-жайында танысуға болады. [2017-02-20]