20 ақпаннан бастап Қазақстан қор биржасында АҚШ долларының теңгеге бағамына (F_USDKZT170227) апталық фьючерстің сауда-саттығы ашылды

20.02.17 15:25
/KASE, 20.02.17/ – 2017 жылдың 20 ақпаннан бастап орындалуы 2017 жылдың 20 ақпанында Қазақстан қор биржасында (KASE) АҚШ долларының теңгеге бағамына апталық фьючерстің сауда-саттығы ашылды. KASE сауда жүйесінде аталған апталық айлық келісімшарттарға тисініше қысқартылған белгілер (сауда-саттық коды) F_USDKZT1701227 берілген. Индекстер және бағалы қағаздарды бағалау комитетінің шешімімен жоғарыда аталған фьючерстерге алғашқы теориялық бағасы бір АҚШ долларына 329,45 теңге деп белгіленіп, KASE сауда-саттық жүйесінде жарияланған. Апталық фьючерспен соңғы сауда-саттық күні 2017 жылдың 24 ақпаны болып табылады. Мерзімдік келісімшарттар бойынша сауда-саттық Биржада жұмыс күндері Алматы уақытымен 10:00 бастап 15:30 дейін, аталмыш сауда-саттық бойынша клирингілік сессия Алматы уақытымен 15:30 бастап 16:00 дейін өткізіледі Туынды қаржы құралдарының биржалық сауда-саттығына KASE деривативтер нарығының клирингілік қатысушылары қатыса алады, оладың тізімі KASE интернет-сайтында http://www.kase.kz/ru/membership/clearing_partcipants мекен-жай бойынша жарияланды. Биржадағы фьючерстер сауда-саттықтарының нәтижелері http://www.kase.kz/ru/fut мекен-жайында жарияланады. KASE деривативтер нарығының қызметін реттейтін, биржаның ішкі құжаттарының мәтіндері http://www.kase.kz/ru/rules_kase мекен -жайында ("Сауда-саттық" қалташасында) орналасқан. [2017-02-20]