"Қазақстан Халық Жинақ Банкі" АҚ "Казкоммерцбанк" АҚ акцияларының бақылау пакетін сатып алу бойынша әлеуетті мәмілеге қатысты өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойғаны туралы хабарлады

02.03.17 17:50
/KASE, 02.03.17/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "Қазақстан Халық Жинақ Банкі" АҚ (Алматы), Қазақстан қор биржасына төмендегі баспасөз хабарламасын ұсынды: цитата басы "Қазақстан Халық Банкі" АҚ (бұдан әрі – Халық Банкі) осы арқылы Халық Банкі «Қазкоммерцбанк» АҚ (бұдан әрі – "ҚКБ") акцияларының бақылау пакетін сатып алу бойынша әлеуетті мәмілеге қатысты міндеттеу емес Өзара түсіністік туралы меморадумға (бұдан әрі - "Меморандум") қол қою туралы мәлімдейді. Өзгелердің ішінде: Қазақстан Республикасының Үкіметі, Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі, Халық Банкі, ҚКБ, "БТА Банкі" АҚ және Кеңес Ракишев (ҚКБ ірі акционері болып табылады) - Меморандумның тартаптары болып табылады. Меморандум әлеуетті мәміленің негізгі қағидаттарын, оны іске асыру бойынша іс-әрекеттерді, сондай-ақ мемлекеттің қатысу тәртібін сипаттайды. Меморандум міндеттеу емес болып табылады және де кез келген әлеуетті мәміле Халық Банкі мен Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі стандартты кешенді тексеру жүргізген соң, тараптар арасында оның талаптарын түпкілікті келісуден соң, сондай-ақ тиісті ішкі, корпоративтік және реттеуші мақұлдауларды алған соң және де өзге алдын ала талаптарын орындаған соң ғана жүзеге асырылуы мүмкін. Халық Банкі әлеуетті мәмілені өз акционерлерінің және Халық Банкінің басқа да мүдделі тараптарының мүдделерін сақтауды ескере отырып бағалайды. Осылайша, ҚКБ акцияларын сатып алу туралы ықтимал кез келген шешімдер кешенді тексерудің (due diligence) қанағаттанарлық нәтижелерін алған соң, барлық тиісті рәсімдерді өткізген соң ғана және кез келген болашақ мәмілені нарықтық талаптар бойынша жасау қағидаттарына сәйкес және нарықтық құнының әділ болуы қағидатына сәйкес Лондон Биржасында Халық Банктінің жаһандық депозитарлық қолхаттары листингісіне жататын халықаралық стандарттарға, халықаралық ережелерге және де Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қабылданатын болады конец цитаты [2017-03-02]