АНОНС: 2017 жылдың 14 наурызында Алматы қаласында Cbonds-Congress және KASE "Қазақстан Республикасының борыштық нарығы" атты дөңгелек үстел өткізеді

13.03.17 12:03
/KASE, 13.03.17. 08.02.17 жаңалығын қайталау/ – 2017 жылдың 14 наурызында Алматы қаласында Holiday Inn Almaty (Тимирязев көшесі, 2үй) қонақ үйінде "Қазақстан Республикасының борыштық нарығы" атты ІІ дөңгелек үстел өткізіледі. Іс-шараның ұйымдастырушысы - Cbonds ақпараттық холдингінің құрамына кіретін, Cbonds-Congress компаниясы және Қазақстан қор биржасы (KASE). "Қазақстан Республикасының борыштық нарығы" атты дөңгелек үстел – банк қауымдастығы мен экономиканың нақты секторы үшін бірегей коммуникациялық алаң болып табылады. Іс-шара барысында Қазақстан Республикасының облигациялар мен еурооблигациялар нарығымен байланысты күрделі де өзекті мәселелер талқыланады. Іс-шара аясында Қазақстанның жетекші инвестициялық банктерін Cbonds Awards Казахстан жүргізген саулнамасының нәтижесі бойынша марапаттау рәсімі болады. Дөңгелек үстел бағдарламасы әзірленіп жатыр. Жаңартулар іс-шараның парақшасында – http://cbonds-congress.com/events/359/ мекен-жайында жарияланған. Қатысуға Қазақстан Республикасының реттеуші органдарының өкілдері, жетекші қаржы институттары мен кәсіпорындарының және халықаралық рейтингілік агенттіктердің өкілдері шақырылады. Өткен жылы дөңгелек үстелге Қазақстан Республикасының борыштық нарық қатысушыларының жүзден аса өкілдері қатысты (http://cbonds-congress.com/events/337/participants/) және биылғы жылы бұл көрсеткіш әрине, жоғары болмақшы. Қатысу құны 17 000 ресей рубльін құрайды. Қазақстан Республикасының қаржы институттары мен экономиканың нақты секторының кәсіпорындары ТЕГІН қатыса алады. Тегін орындар саны шектеулі, тіркеу міндетті түрде. Іс-шараға қатысу үшін http://cbonds-congress.com/events/359/registration/ сілтемесі бойынша тіркелу қажет. Бас серіктес: "Қазақстан Халық Банкінің Еншілес ұйымы "Halyk Finance" АҚ.. Ресми серіктесі: "Казкоммерц Секьюритиз" АҚ ("Казкоммерцбанк" АҚ Еншілес ұйымы). Демеушісі: Baltic Credit Trading Group. Қосымша ақпартты Cbonds өкілдерінен алуға болады: - бағдарлама – Сергей Ляшенко, slyashenko@cbonds.info, +38 (044) 468- 64-34; - демеушілік – Мария Беляева, mb@cbonds.info, +7 (812) 336-97-21 (вн. 111); - қатысу – Юлия Усова, j.usova@cbonds.info, +7 (812) 336-97-21 (вн. 104). [2017-03-13]