28 наурызда KASE "Биржалық симулятор" білім беру жобасының басталу рәсімін өткізді

28.03.17 16:24
/KASE, 28.03.17/ – 2017 жылдың 28 наурызында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің кітапханасында, Қазақстан қор биржасымен және "ИРБИС" қаржы нарықтарының ақпараттық агениттігімен ұйымдастырылған, "Биржалық симулятор" жобасының салтанатты ашылуы болып өтті. Жоба осымен тоғызыншы жыл бойы өткізіліп, биылғы жылы бұл іс-шара "Global Money Week" атты балалар мен жастар арасында қаржылық сауаттылықты арттыру бойынша Дүниежүзілік апталыққа орай өткізіледі. "Биржалық симулятор" жобасының мақсаты – жас мамандардың қаржылық сауаттылығын арттыру және қор нарығында жұмыс жасау бойынша практикалық тәжірибе алу. 2017 жылы жоба Алматы қаласының Әкімдігінің қолдауымен іске асырылады. Жобаның бас демеушісі – "Астана Банкі" АҚ, бас серіктесі – "Фридом Финанс" АҚ. Жобаның серіктестері "Цесна Капитал" АҚ, "Казком Секьюритиз" АҚ "Сентрас Секьюритиз" АҚ. Осы шара туралы толық ақпаратпен KASE интернет-сайтында – http://www.kase.kz/files/press/ru/28_03_2017_KASE_Simulator.pdf мекен- жайында танысуға болады. [2017-03-28]