"КазАгро" Ұлттық басқарушы холдингі" акционерлік қоғамына құны 11 млрд. теңгеден аса сомаға көктемгі-егіс жұмыстарына арналған техника сатып алуға өтінім келіп түскені туралы хабарлады

30.03.17 11:07
/KASE, 30.03.17/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "КазАгро" Ұлттық басқарушы холдингі" АҚ (Астана), Қазақстан қор биржасына (KASE), ұсынған баспасөз хабарламасында төмендегіні хабарлады. цитата басы Ағымдағы жылдың наурыз айының соңына "ҚазАгро" ұлттық басқарушы холдингі құрылымына енетін "ҚазАгроҚаржы" акционерлік қоғамына құны 11 млрд. теңгеден аса сомаға көктемгі-егіс жұмыстарын жүргізуге арналған ауыл шаруашылығы техникасын сатып алуға 811 өтінім келіп түсті. Бүгінгі таңда аграршылармен 2,4 млрд. теңгеге 299 бірлік техника сатып алуға қаржы лизингі шарттары жасалып та қойған. Сонымен қатар, 1,8 млрд. теңге сомасына 116 өтінім мақұлданды, қалғандары қарауда жатыр. цитата соңы Баспасөз хабарламасының толық нұсқасымен KASE интернет-сайтында http://www.kase.kz/files/emitters/KZAG/kzag_reliz_300317_kz.pdf мекен- жайында танысуға болады. [2017-03-30]