"Шымкент Мұнай өнiмдерi" АҚ өз акционерлерінің тізілімі жүйесінің 2017 жылдың 01 сәуіріндегі жағдай бойынша үзінді көшірмесін Қазақстан қор биржасына ұсынды
06.04.17 10:53
/KASE, 06.04.17/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде
тұрған, "Шымкент Мұнай өнiмдерi" АҚ (Оңтүстік-Қазақстан обл., бұдан әрі –
компания) биржаға өзінің акцияларын ұстаушылардың тізілімі жүйесінің 2017
жылдың 01 сәуіріндегі жағдай бойынша үзінді көшірмесін ұсынды.
Үзінді көшірмеге сәйкес:
- компанияның жарияланған KZ1C03300015 жай акцияларының жалпы саны 4 000 000
дана;
- компанияның барлық жарияланған акциялары орналастырылған;
- компания өзінің 1 акциялары кері сатып алды;
- компанияның орналастырылған акцияларының бес және одан аса пайызы
көлеміндегі санына иеленген жалғыз тұлға "ҚОР" Мұнай компаниясы" АҚ болып
табылады, оның меншігінде 3 992 577 жай акциясы (компанияның орналастырылған
акцияларының жалпы санынан 99,81% немесе орналастырылған жай акцияларының
жалпы санынан 99,81%) бар.
[2017-04-06]