Биржалық симулятор: сауда-саттық көлемі сәуірдің 10-нан 14-не дейін 1 213,5 млн теңгені құрады

18.04.17 13:20
/KASE, 18.04.17/ – Бұрын хабарланғандай, 2017 жылдың 29 наурызын 26 сәуіріне дейін Қазақстан қор биржасы "ИРБИС" Қаржылық нарықтарды ақпараттық агенттігімен бірлесіп ұйымдастырған "Биржалық симулятор" оқыту байқауы жүргізіліп жатыр. Байқаудың үшінші аптасында () сауда-саттық көлемі 1 213,5 млн теңгені құрады. Жасалған мәмілелердің орташа күндік көлемі 242 млн теңгеден асып түсті, бұл өткен аптаның (03–07 сәуір) осы көрсеткішінен 15,9 млн теңгеге артық. Төменде 2017 жылдың 10 сәуірінен бастап 14-не дейінгі кезеңде жасалған мәмілелер бойынша ақпараттар берілген: -------------------------------- Сауда-саттық Мәмілелер Көлемі, коды саны млн теңге ------------ --------- --------- KEGC 403 312,1 RDGZp 315 192,4 KZTO 345 147,3 GB_KZMS 219 95,6 BAST 235 81,4 AKZM 198 73,1 HSBK 270 73,1 CCBN 198 72,2 RU_SBER 211 60,4 RDGZ 122 38,9 KZTK 157 31,0 US_BAC_ 108 23,6 KCEL 144 12,3 ------------ --------- --------- Барлығы 2 925 1 213,5 -------------------------------- Бір қатысушымен жасалған максималды саны мен максималды көлемі – тиісінше 117 мәміле және 85,3 млн теңге. Ағымдағы сәтте "Биржалық симулятор" байқауына қатысу үшін тіркелгендер саны 70 оқу орындарының 1 400 студенті. Жобаның мақсаты – жас мамандардың қаржылық сауаттылығын арттыру және олардың қор нарығында жұмыс жасаудың практикалық тәжірибе алу болып табылады. Студенттерге қазақстандық нарықтың ең өтімді, көбі KASE Индексінің өкілетті тізіміне енгізілген, бағалы қағаздарымен сауда-саттық жүргізу мүмкіндігі берілген. Әр қатысушыға сауда-саттық басында басқаруға бір миллион мөлшерінде портфель ұсынылды. Студенттердің басты мақсаты ең үздік портфель қалыптастыру болып табылады, соның нәтижесі бойынша байқау жеңімпазы анықталады. Осы байқау KASE компаниялар тобымен 2008 жылдан бастап өткізіледі. Толығырақ ақпарат http://www.fininfo.kz/simulator/ мекен-жайында жарияланған. [2017-04-18]