KASE 2017 жылдың 10 сәуірінен бастап "Қазақстан Ипотекалық Компаниясы" Ипотекалық ұйымы" АҚ KZPC2Y12B547 (KZ000A0TZW51, KZIKb12) облигацияларын, айналыста болу мерзімі аяқталуына байланысты KASE_B* сериясы индекстерінің өкілетті тізімінен алып тастады

10.04.17 12:46
/KASE, 10.04.17/ – "Қазақстан қор биржасы" АҚ (KASE) 2017 жылдың 10 сәуірінен бастап "Қазақстан Ипотекалық Компаниясы" Ипотекалық ұйымы" АҚ (Алматы) KZPC2Y12B547 (KZ000A0TZW51, "мемлекеттік сыңайлы сектор субъектілерінің борыштық бағалы қағаздар" санаты KZIKb12; 1 теңге, 5,0 млрд теңге; 10.04.05 – 10.04.17; жылдық 7,50 % жарты жылдық купон 30/360) облигацияларын, айналыста болу мерзімі аяқталуына байланысты, KASE_B* индекстерінің өкілетті тізімінен алып тастады. 2017 жылдың 10 сәуірінен бастап KASE_BC, KASE_BP индексін есептегенде KASE 1,0007557 тең түзету коэффициенті (К) қолданылады. 2017 жылдың 03 сәуірінен бастап KASE_B* индексінің өкілеттік тізімі 35 атаудағы облигациядан тұрады. KASE_BY – корпоративтік облигациялардың кірістілік индексі. KASE_BC – корпоративтік облигациялардың бағалары бойынша (жинақталған, бірақ төленбеген) сыйақысын есепке алмай ("таза" бағасы бойынша) есептелетін бағалар индексі. KASE_BP – корпоративтік облигациялардың бағалары бойынша барлық тиесілі сыйақысын, соның ішінде төленбегенін, есепке алып есептелетін бағалар индексі. KASE аталмыш индекстердің барлығын күніне бір рет, корпоративтік облигациялардың сауда-саттық нәтижелері бойынша есептейді. Индекстерді есептеу әдістемесі "Қор нарығының индикаторларын есептеу әдістемесі" атты KASE ішкі құжатымен реттеледі, осы құжатпен KASE интернет-сайтында http://www.kase.kz/files/normative_base/indicators_met.pdf мекен-жайы бойынша танысуға болады. [2017-04-10]