"Казкоммерцбанк" АҚ өзінің әкімшіліктік жауапқа тартылғаны туралы хабарлады

02.03.17 17:25
/KASE, 17.04.17/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "Казкоммерцбанк" АҚ (Алматы) Қазақстан қор биржасына баспасөз хабарламасын ұсынды, онда: цитата басы Алматы - «Казкоммерцбанк» АҚ («ҚКБ») 2017 жылғы 2 наурызда «Қазақстанның Халық Банкі» АҚ-ның («Халық банк») ҚКБ акцияларының басқару пакетін сатып алу жөнінде («Мәміле») міндетті күшке ие емес өзара түсіністік Меморандумына қол қойғаны жөнінде хабарлайды. Меморандумға өзге де тараптар ретінде Қазақстан Республикасының Үкіметі, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі, ҚКБ, Халық Банкі, «БТА Банк» АҚ және Кеңес Рақышев мырза (ҚКБ-ның ірі акционері) қол қойды. Меморандум ықтимал Мәміленің тиісті шеңбері мен шарттарын, сондай-ақ оған қол жеткізу үшін әр тараптың іс-әрекеттерін белгілейді. Сонымен қатар, аталған Мәміленің шартына сәйкес ҚКБ-ның алдындағы «БТА Банк» АҚ-ның займдарына байланысты тәуекелдерді жабу қарастырылған. ҚКБ өз тарапынан бұл Меморандумның міндетті күшке ие еместігін белгілейді және бұл Меморандумға қол қою аталған Мәмілеге келгендігін белгілемейді, өйткені Мәмілеге келу үшін әр тарап Меморандумда көрсетілген тиісті шарттарды орындауы қажет. цитата соңы [2017-03-02]